zndKH33TMJenVqt5lUJGDHvTkb4STGTqzjtUrcmq
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канелоның" бапкері Головкинмен жекпе-жекке қатысты жағдайды ашып айтты

"Канелоның" бапкері Головкинмен жекпе-жекке қатысты жағдайды ашып айтты
Сурет: Sportbox
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-2-1, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо TUDN арнасына берген сұхбатында орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке қатысты жағдайды айтып берді.

Альварес биыл үш жекпе-жек өткізуді жоспарлаған екен, алайда, бұған коронавирус пандемиясы бөгет болды. Ал мексикалықтың қарсыластары ретінде Головкин, екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) және орта дивизионда WBA (Regular) титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) қарастырылған.

"Ары қарайғы жағдай туралы түсінік болу үшін Golden Boy және DAZN-мен хабарластық. Жыл соңына дейін екі жекпе-жегіміз қалды. Бастапқыдағы жоспар бойынша, мамырда Сондерс, Головкинмен - қыркүйекте және желтоқсанда Муратамен жекпе-жек өткізу керек едік.

Қазір бәрі өзгерді, өйткені DAZN Головкинмен жекпе-жек бойынша шешім қабылдау қажет: Бірден немесе кейінірек ұйымдастыру. Мен қыркүйекте Сондерспен, ал Головкинмен желтоқсанда кездесу өткізгенін қалайтын едім", - дейді Рейносо. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар