Бокс
10 сәуір 2020 16:47

"Канелоның" бапері оның мексикалық боксшылармен жұдырықтасуына қарсы екенін жасырмады

Сурет: Karate.ru
Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо "Канелоның" өзге мексикалықтармен жұдырықтасуына қарсы екенін мәлімдеді. 

"Шынын айтсам, "Канело" отандастарымен жұдырықтасқанын қаламаймын. Басқа да қарсылас, өзге де чемпиондар бар ғой. Мунгия, Давид Бенавидес пен Хильберто Рамирестің карьераларын құрметтеймін. Бенавидеспен жекпе-жек тамаша болатын еді. "Канелоға" осындай қарсылас таңдар едім. Рамирес те мықты, бірақ, кейінгі кезде белсенділігі төмен. Есімде болса, бір жылдан бері рингке шықпады. Ал Мунгия орта салмаққа енді өтті, біз болсақ қазір екінші орта дивизиондамыз. Мексикалық емес қарслас болғаны жақсы.

Мунгияға Альвареске қарсы тұру үшін тәжірибе жеткіліксіз. Ол - тәртіп ұстанатын, ширап келе жатқан боксшы. Бапкері де жақсы, Эрик Моралес. Оның үстіне Мунгияның промоутері де керемет, олар бір табандап болса да, алысқа барады. Қазір "Канеломен" жекпе-жек оларға оңтайлы емес. Мунгияға ширап, тәжірибе жинап алу қажет. Сонымен қоса, біз екінші орта салмаққа өтеміз. Сондықтан олардың бетпе-бет келе қоюы қиындау", - деп келтіреді Рейносоның сөзін vRinge.com.