"Канелоның" ақылы ағасын нокауттан құтқармады
Брэндон Риос (сол жақта) және Рамон Альварес. Сурет Matchroom Boxing
Америкалық Брэндон Риос мексикалық Рамон Альваресті техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Sky Sports.
Алғашқы орта салмақтағы жекпе-жек Канзаста өтті. Риостың үшінші, алтыншы және сегізінші раундта жекпе-жекті аяқтауға мүмкіндігі болғанымен, Альварес табандылық танытты. Алайда тоғызыншы раундта мексикалық соққыға жауап қайтарудан қалды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
32 жастағы Риос 35-ші жеңісіне жетті (26 нокаут), сонымен қоса, ол төрт рет жеңіліген және бір рет тең түскен. Ал 32-жастағы Альварес жетінші рет жеңіліп отыр, сондай-ақ, ол 27 жеңіске жетіп (16 нокаут), үш рет тең түскен.
Айта кетейік, Рамон Альварес жеті ағайынды, барлығы да кәсіпқой бокста жұдырықтасады. Ал олардың ішінде ең танымалы қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңіп, барлық белбеуінен айырған Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО).
"Канело" ағасының Риоспен жұдырықтасар алдында видеобайланыс арқылы хабарласып, ақылын айтқан және сәттілік тілеген болатын. Шешінетін бөлмеде болған бұл жағдай DAZN онлайн-қызметінің трансляциясында көрсетілді.
Little Bro Checking in Before the Fight @Canelo @Inocente02Ramon pic.twitter.com/czTgztL0em

— DAZN USA (@DAZN_USA) 18 ноября 2018 г.
Жарнама