Жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпионы Давид Бенавидес (30-0, 24 КО) ресейлік Дмитрий Биволдың (24-1, 12 КО) абсолют чемпион атағынан бас тартып, Артур Бетербиевпен (21-1, 20 КО) үшінші жекпе-жекке шығу шешімін түсінбегенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жекке қомақты ақша ұсындыБенавидестің айтуынша, Биволға онымен жекпе-жек үшін 8 миллион доллар ұсынылған, ал Бетербиевпен қарымта кездесу үшін ол әлдеқайда аз — шамамен 2,7 миллион доллар ғана алған.
Бетербиев - Бивол текетіресі 1:1 болып тұр"Мен оның бұл шешімін түсінбеймін. Оған 8 миллион ұсынылды. Тіпті одан аз алса да — бәрібір Бетербиевпен қарымтаға қарағанда әлдеқайда көп болар еді. Бивол да, Бетербиев те аса жарнамаланған жұлдыздар емес. Екеуі де мықты, бірақ, айқастары аса өтімді боксшылар емес. Мен үнемі айтып жүрем: егер мені жеңе аламын десең — рингке шық, менің аузымды жап және үлкен табыс көр", — деп береді Бенавидестің сөзін vRINGe.com.
Еске салайық, 22 ақпанда Дмитрий Бивол Артур Бетербиевпен қарымта кездесуде ұпай санымен жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион атанды. Олардың алғашқы кездесуі былтыр 12 қазанында өтіп, ол кезде Бетербиев жеңген еді. Кейіннен Бивол үшінші жекпе-жек үшін абсолют атағынан өз еркімен бас тартты.
Еске салайық Бенавидес мексикалық Сауль Канело Альваресті бірнеше рет айқасуға шақырған, тіпті өте үлкен гонорар ұсынылды. Бірақ мексикалық Бенавидеспен шыққысы келмейді.