"Канелоны" нокаутқа түсіреді". Экс-чемпион Әлімханұлы жайлы
WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) әлеуметтік желіде дайындығын көрсетті. Ал әлемдік белбеулердің экс-иегері Джеймс Тони қазақ боксшының карьерасына қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Америкалық былғары қолғап шеберінің пікірінше, Әлімханұлы болашақта Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) нокаутқа түсіреді.
"Жаттығуын күн сайын тыңғылықты жасайды. Ол өз жұмысын жақсы көреді. Ол "Канелоны" нокаутқа түсіреді, - дейді Тони.
Жәнібек твиттер парақшасына жүктеген видеосына "Жеңіл жаттығу" деген жазба қалдырды.
Easy work pic.twitter.com/0SwA0jjAsF
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) August 29, 2022
Жарнама