Белгілі промоутер Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль Канело Альваресті (62-2-2, 39 КО) нокаутқа түсіретін жалғыз боксшыны атады, деп жазады Fight HUB TV.
"Меніңше, Бенавидес Канелоны нокаутқа түсіреді. Ол бір раундта 50-55 соққы жасайтын құбыжық. Ал Канело мен Чарло өзара жекпе-жегінің алғашқы раундында бір ғана соққы жасады, екеуіне бір соққы. Мұны Альварестің хейтері немесе Бенавидесті жақтаушы ретінде емес, сарапшы ретінде айтамын. Қағазға түскен деректер бар.
Ал жекпе-жекте не болады? Егер Сауль оң қолымен ауыр соққысын дәл тигізе алса, Дэвид Бенавидестің шаруасы бітеді. Бірақ жас, мықты, соққы көп жасайтын және әмбебап Бенавидес Альвареске үлкен кедергі боалды деп ойлаймын", - дейді Де Ла Хойя.