"Канелоны" жеңуге рух, ерік-жігерім де жетерлік". Сауль Альварестің келесі қарсыласы

Сурет: ESPN

Екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Калеб Плант (21-0, 12 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (56-1-2, 38 КО) абсолют чемпион атануға мүмкіндік бермейтініне сенімді. 

Еске салайық, Плант пен "Канело" арасындағы WBC/WBA/WBO және IBF титулы үшін айқас қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр. 

"Мен қателіктерге тең дүниелер байқап қалдым, белгілі бір әлсіз тұстар, мен оларды өз пайдама асыра аламын. Нақты қандай? Рингке шыққанымызда көрсетемін. 

"Канелоны" білемін. Ол жақсы боксшы. Дегенмен айтып өткенімдей, мен өзімді одан мықты екенімді сеземін. Менің жасай алатыным көбірек. Оның тәжірибесі үлкен әрине. Бірақ кейде тәжірибені асыра бағалап жібереді. Менің ерік пен рухым, шеберлігім және басқа да қасиеттерім шығып жасау керек дүниені іске асыруға жетерлік екенін сеземін", - деп береді Планттың сөзін vRINGe.com порталы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

 

Жаңалықтар