Бокс
6 қазан 10:11
 

Канелоны жеңген Кроуфордтың командасы Әлімханұлымен айқас үшін 100 млн сұрады

  Пікірлер

blog.share

Канелоны жеңген Кроуфордтың командасы Әлімханұлымен айқас үшін 100 млн сұрады ©Ready to Fight

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Терренс Кроуфордтың (42–0, 31 KO) бапкері Берни Дэвис америкалықтың болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Терренс Кроуфордтың (42–0, 31 KO) бапкері Берни Дэвис америкалықтың болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кроуфордтың рингке қайта оралуының шарты аталды

Маманның айтуынша, америкалық боксшының рингке қайта шығуы үшін шамамен 100 миллион доллар көлеміндегі ұсыныс қажет. Қауіпті қарсыластар қатарында орта салмақтағы чемпиондық белбеу иелері – қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) және кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) аталып отыр. Алайда Дэвистің пікірінше, Кроуфорд осындай үлкен гонорарсыз айқасуға келісе қоймайды.

Кроуфорд Канеломен кездесуден кейін карьерасын аяқтады ма?

"Меніңше, Кроуфорд карьерасын аяқтады. Егер әңгіме 100 миллион доллар туралы болмаса, ол орта салмаққа түсіп, ол жігіттермен айқаса қоймайды", - деді Дэвис SI басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол орта салмақтағы чемпиондық белбеулерді біріктірілгенін қалап отырғанын, ал Кроуфорд сол чемпионмен абсолют атағы үшін жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

Кроуфорд командасы боксшының болашағы туралы пікір білдірді

"Барлық титулдарды біріктірсін, сол кезде біз абсолют чемпион атағы үшін рингке шығамыз. Әйтпесе, Кроуфорд үшін карьерасын жалғастырудың мағынасы жоқ. Ол қазірдің өзінде бокста қолынан келгеннің бәрін істеді. Егер оған 100 миллион доллар беріп, үлкен шоу ұйымдастырмаса - басқа жол жоқ", - деп қосты Дэвис.

Еске салайық, биылғы жылдың қыркүйегінде Кроуфорд мексикалық Сауль Канело Альваресті (63–3–2, 39 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолют чемпион атанған болатын.

Осы жетістіктен кейін америкалық боксшы орта салмаққа ауысуы мүмкін екенін меңзеді. Бұл салмақта WBO және IBF белбеулері Жәнібек Әлімханұлында, WBA чемпионы Эрисланди Лара, ал WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атақ доминиканалық Карлос Адаместе (24-1-1, 18 KO).


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!