Бокс
26 қыркүйек 08:51

Канелоны жеңген Кроуфордты Әлімханұлы айқасқа шақырып отыр

©Ready to Fight

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Теренс Кроуфордпен (42–0, 31 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін  мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшы да кәсіпқой карьерасында бірде-бір жеңіліп көрмеген.

"Егер Кроуфорд менімен жекпе-жекке келіссе, мен қуана-қуана рингке шығар едім. Біздің кездесуіміз – әрбір жанкүйер асыға күтіп, бір сәтін де жіберіп алмауға тырысатын нағыз оқиға болар еді", – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.

Еске салайық, 13 қыркүйекте Кроуфорд төрешілер шешімімен мексикалық Сауль Канело Альваресті (63–3–2, 39 KO) жеңіп, екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды.

Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 5 сәуірде Астанада франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгені (14–1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, өз титулдарын сәтті қорғап қалған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport