Орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Теренс Кроуфордпен (42–0, 31 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі боксшы да кәсіпқой карьерасында бірде-бір жеңіліп көрмеген.
"Егер Кроуфорд менімен жекпе-жекке келіссе, мен қуана-қуана рингке шығар едім. Біздің кездесуіміз – әрбір жанкүйер асыға күтіп, бір сәтін де жіберіп алмауға тырысатын нағыз оқиға болар еді", – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде.
If Crawford agreed to fight me, I would gladly face him. And our fight would be the kind of match every fan would watch with excitement, not wanting to miss a single second.
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) September 24, 2025
Еске салайық, 13 қыркүйекте Кроуфорд төрешілер шешімімен мексикалық Сауль Канело Альваресті (63–3–2, 39 KO) жеңіп, екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды.
Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 5 сәуірде Астанада франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенгені (14–1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, өз титулдарын сәтті қорғап қалған болатын.
Жарнама