Желтоқсан айында карьерасын аяқтаған Теренс Кроуфорд BoxingScene ағылшын тілді ресурсының нұсқасы бойынша 2025 жылдың боксшысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Небраска штатының Омаха қаласынан шыққан 38 жастағы боксшы бұған дейін орта салмақта (168 фунт) абсолют және бірнеше титул біріктірген чемпион атанып, pound-for-pound рейтингінің көшбасшыларының бірі болған.
Ол үшін жылдың басты жеңісі мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жек болды. Кроуфорд рингте толық үстемдік көрсетті, оның жылдамдығы мен қозғалысы қарсыласын қиын жағдайға қалдырды, ал төрешілер Теренстің жеңісін 115-113 және 116-112 есебімен тіркеді.
Бұл жекпе-жек Кроуфордтың карьерасындағы ең ауқымдысы болды: Netflix платформасындағы трансляцияны әлем бойынша 41 миллионнан астам көрермен тамашалады, ал Allegiant Stadium аренасында 70 482 жанкүйер жиналды.
Кроуфорд бокс тарихына бір салмақ дәрежесінде төрт негізгі титулды (WBA, WBC, IBF, WBO) иеленген екінші боксшы және бұл жетістікті екі түрлі салмақта қайталаған жалғыз спортшы ретінде енді.
Америкалық боксшы карьерасын 42 жекпе-жекте 42 жеңіспен, оның ішінде 31 нокаутпен, бірде-бір жеңіліссіз аяқтады.
BoxingScene нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік үш боксшысының қатарына америкалық Джесси Родригес пен жапониялық Наоя Иноуэ де енді.