"Канелоны" жеңген Биволға міндетті қарсылас белгіленді
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) жартылай ауыр салмақта WBA Super титулына ие Дмитрий Биволға (20-0, 11 КО) ресми түрде міндетті қарсылас бекітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) жартылай ауыр салмақта WBA Super титулына ие Дмитрий Биволға (20-0, 11 КО) ресми түрде міндетті қарсылас бекітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Биволдың ендігі қарсыласы орта салмақта чемпион болған, қазір жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын мексикалық Хильберто Рамирес екен. Боксшылар командасына келіссөзге 10 күн берілді.
"Биволдың чемпиондық уақыты 24 айға есептелген. Кейінгі рет ол белбеуін 2018 жылы 3 наурызда қорғады, келесі қорғау 2020 жылы өту керек еді. Сол себепті ол Рамиреспен жұдырықтасу міндет.
Тараптар келісімге келмесе немесе бірі одан бас тартса, WBA промоутерлік сауда белгілейді", - дейді ұйым өкілі Карлос Чавес Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.
Жарнама