"Канелоны" жеңген Биволдың арманы орындалады. Шешен нокаутшы айқасқа келісті

©РИА Новости

Жартылай ауыр салмақта WBC, WBO және IBF чемпионы Артур Бетербиев отандасы Дмитрий Биволмен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат"

"Кейінгі бірнеше жыл командасы мен оның өзінен келесі айқасын менімен өткізгісі келетінін естіп келемін. Одан бері бірнеше жыл өтті ғой. Мен әрдайым дайынмын. Белбеу біріктіретін екі айқас өткіздім, ешқашан бас тартқан емеспін. 

Биволдың командасы тарапынан ұсыныс күтемін. Жекпе-жекті Ресейде ұйымдастыру қиын болар, басқа жерде өту керек шығар", - деп береді Бетербиевтің сөзін "Матч ТВ".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар