Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 13 KO) мексикалық Хильберто Рамиреспен (44-0, 30 KO) жекпе-жектен кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды sports.ru.
"Қазір бар назарым Рамиресте, "Канеломен" реваншты ойлап та жүрген жоқпын. Ал келесіде Артур Бетербиевпен жұдырықасқым келеді. Онда менің салмағымдағы үш белбеу бар. Міне осы жекпе-жекті қалаймын", - дейді Бивол.
Еске салайық, Бивол - Рамирес айқасы 5 қараша Абу-Дабиде өтеді.