Екінші орта салмақтағы ресейлік проспект Владимир Шишкин (12-0, 7 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (56-1-2, 38 KO) жеңеді. Боксшының промоутері Дмитрий Салита осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды vRINGe.com.
Қыркүйекте "Канело" америкалық Калеб Планттың IBF белбеуін тартып алып, абсолют чемпион атанады деп күтілуде. Осыдан кейін ол міндетті қарсыластардан титулдарын қорғау керек болады.
Салитаның ойынша, осы кезде Шишкинде мексикалықпен жұдырықтасуға мүмкіндік туады.
"Канелоны" жеңетін жігіт - Владимир екенін көптен бері айтып келемін. Ол дивизиондағы талантты боксшылардың бірі ғана емес, тамаша коуч Шугар Хилл Стюардтың қол астында жаттығады", - дейді промоутер Sky Sports арнасына берген сұхбатында.