"Канелоны" чемпиондықтан "айырған" Головкиннің соңғы қарсыласы Альвареспен жұдырықтасуға тағы тырысты

Сурет: Тұрар Қазанғапов©
Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) карантин жарияланбай тұрып, мамырда жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Осылайша, ол тағы да мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жұдырықтасып көрмек болыпты, алайда, келіссөздер қайтадан тығырыққа тірелген екен.

"Келісімшарты тұзаққа толы, айыппұл, санкция". Деревянченко "Канелоның" құйтырқыларын ашық айтты

"Карантинге дейін мамырға жекпе-жек жоспарланған еді, "Канеломен" келіссөз жүргіздік, алайда, келісе алмадық. Дегенмен мамырда жұдырықтасу керек болғанмын.

Бұл "Канеломен" екінші рет келіссөз жүргізуіміз. Біріншісі Аьваресте болған IBF титулына міндетті қарсылас атанғанымда, ал қазір былай келісіп көрмек болдық.

Әлбетте "Канеломен" жұдырықтасқым келеді. Қаржылық пайдасы ол бір бөлек, ілгерлеу үшін де маңызды. Мегафайт болатын еді, ойткені ол мегабоксшы", - дейді Деревянченко Luckypunch.net арнасының Instagram желісіндегі тікелей эфирінде.

Еске салайық, IBF міндетті қарсылас Деревянченкомен жекпе-жек өткізбегені үшін "Канелоны" чемпиондық белбеуден айырған еді.
Жаңалықтар