Бокс
13 қыркүйек 13:42

Канелоны бокстан кетіретін боксшының есімі аталды

©x.com/Canelo

Бокс бойынша DAZN сарапшысы Крис Мэнникс тегі пуэрториколық Эдгар Берланга (22-0, 17 КО) мексикалық Сауль Канело Альваресті (61-2-2, 39 КО) зейнетке жібере алады деп есептейді. 

Канело мен Берланга 14 қыркүйек Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді. 

"Берлангаға ешкім сенбейді, бірақ ол Канелоны зейнетке шығаратын боксшы бола алады. Біріншіден, Альварестің жасы келді. Екіншіден, ол қажыды. Берланганың айтатыны да осы, оның миссиясы - Канелоны зейнетке жіберу дейді. Тек Альварес жеңілсе, бірден зейнетке кетпейді-ау. 

Елестетіп көріңізші: 2025 жылдың мамыры, қарымта. Егер Берланга Саульді екі рет жеңсе, онда Альварес карьерасын аяқтайды деуге болады. Қазір Эдгарға ешкім сенбейді, алайда ол екі рет жеңсе, сонымен бітеді", - деп береді сарпашының сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport