Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов (14-1-3, 6 КО) орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) әлеуметтік желідегі жариялымына пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кеше GGG инстаграмда қолына бинт тартып жатқан суретін жариялап, "қолым қышып жатыр" деп жазған еді.
Ниязов осы постқа "Канелоны" меңзеп, "мексикалықпен үшінші айқасты күтеміз", - деген пікір жазды.