"Канеломен" спаррингтер өткізген қазақ боксшының келесі айқасы нақты белгіленді

©Suleimen Promotions

Екінші орта салмақтағы қазақ бкосшы Айдос Ербосынұлының (16-0, 11 КО) WBA World белбеуіне ие кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6 КО) жекпе-жегінің уақыты мен орны белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, 12 раундтық айқас 5 қараша АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтеді.

Еске салайық, Ербосынұлы былтыр Астанада гайаналық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) нокаутқа түсіргелі рингке шыққан жоқ. 

Боксшының командасы Моррелмен бір жыл келіссөз жүргізді. Ал көктемде қазақстандық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) спарринг серігі болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport