Бокс
4 маусым 15:11
 

Канеломен қарымта? Бетербиевтен кейін Бивол кіммен айқасатыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Канеломен қарымта? Бетербиевтен кейін Бивол кіммен айқасатыны айтылды ©DAZN

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол Канада атынан өнер көрсететін Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жекті ұйымдастырудың соңғы кезеңіне таяды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол Канада атынан өнер көрсететін Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жекті ұйымдастырудың соңғы кезеңіне таяды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия бәріне нүкте қояды

World Boxing News мәліметінше, тараптар соңғы келіссөздерді жүргізіп жатыр, ал айқасі 2025 жылдың соңына дейін өткізу жоспарлануда.

Боксшылардың текетіресі қазір - 1:1 болып тұр. Бірінші кездесуде Бетербиев жеңсе, екінші қарымтада Бивол басым болды.

WBC титул америкалық Давид Бенавидеске берілгеннен кейін, Бивол WBA, WBO және IBF белбеулерін сақтап қалды. Осы белбеулер алдағы Бетербиевке қарсы үшінші кездесуде сарапқа салынады. Басылым мәліметінше, трилогия туралы осы күзде ресми жарияланады екен.

Биволдың менеджері Вадим Корнилов трилогиямен нүкте қою ниетін растады:

"Біздің мақсат - үшінші жекпе-жекті өткізу. Ол жыл соңына дейін болады деп үміттенеміз".

Бетербиевтен кейін Канело мен Бенавидес

Бетербиевпен жекпе-жектер сериясынан кейін Биволдың келесі мақсаты - Сауль "Канело" Альвареспен көптен күткен қарымта өткізу. 2022 жылы Бивол мексикалықты ұпай санымен жеңіп, Лас-Вегаста WBA белбеуін қорғаған болатын.


Алайда WBN мәліметінше, Канело алдымен 2026 жылдың мамырында атақты "Уэмбли" стадионында британиялық Крис Юбенкпен айқаспақ. Бұлай болса, Биволмен реванш 2026 жылдың соңына шегеріледі.

Бивол оған дейін WBC титулын қайтаруға тырысуы мүмкін, ол үшін Бенавидеспен жекпе-жек өткізу жоспарлануда. Егер Бивол титулды қайтарып, Канело белбеулерін сақтап қалса, бұл айқас жартылай ауыр салмақтағы абсолют чемпион атағы үшін өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!