Жартылай ауыр салмақта WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) Джеки Чан боевиктеріндегі кейіпкерлер сынды төбелесуді армандағанын, бірақ қазір мансабын боксқа арнағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
7 мамыр күні ресейлік боксшы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өз титулдарын мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) қарсы жекпе-жекте қорғайды. Дәл осы орайда ол өз балалығын еске алған.
"Бала кезде Джеки Чанның ондаған фильмін көріп өстім және үнемі сол сияқты төбелесуді армандайтынмын. Алдымен әкем мені каратэге алып келді, бірақ ол жақта сайыс аз болды. Кейін әкем мені боксқа берді және мен оған түбегейлі ғашық болдым.
Мен Олимпиадаға бармай тұрып кәсіпқой боксшы болдым. Мен әрдайым рейтингте жоғарылай бергім келетін. Бокстағы ең жоғары жетістіктерге жету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасағанымды сезіну - мен үшін өте маңызды!" - дейді Бивол.