Канеломен жатығады. Жеңілмеген қазақ боксшының келесі айқасының уақыты белгілі

©Видеодан кадр

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (11-0, 9 KO) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, ол рингке биыл көктемде оралады.

Қазіргі таңда боксшы қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал осы айда командасымен бірге АҚШ-қа аттанады. 

Кейінгі айқасында Бек Лас-Вегаста нигериялық Абимболо Осундаироны (5-1, 3 КО) нокаутпен жеңген. 

Қазақ боксшы өз салмағында аболют чемпион мексикалық Сауль Канело Альвареспен (59-2-2, 39 KO) бір залда жаттығады.

Айта кетейік, әуесқойда Бек 2019 жылы Азия чемпионы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport