Бокс
Кеше 13:33

Канеломен жаттыққан қазақстандық нокаутшы АҚШ-та екінші айқасын өткізеді

©qyzyljarnews.kz

Қазақстандық боксшы Евгений Павловтың (10-0, 8 KO) АҚШ-та өтетін келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы Павлов 25 сәуір күні АҚШ-тың Балтимор қаласында өтетін бокс кешінде рингке оралады.

BoxRec.com мәліметіне сәйкес, оның қарсыласы америкалық Антонио Дантон-Эл (6-5-2, 2 KO) болмақ. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған және екінші жеңіл салмақ шегінде өтеді.

Бұл кездесу Павлов үшін АҚШ-тағы екінші айқас болады. Оның америкалық рингтегі дебюті 2022 жылдың маусым айында өтіп, сол кезде ол мексикалық Алексис Салидоны (2-4, 1 KO) екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Соңғы жекпе-жегін Павлов 2023 жылдың мамыр айында өткізіп, мексикалық Кевин Родригес Гарсияны (3-19, 1 KO) бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Кәсіпқой рингте Павлов 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Айта кетейік, ол жаттығу барысында екінші орта салмақтағы бұрынғы әлемнің абсолют чемпионы, мексикалық Сауль Канело Альвареспен (62-2-2, 39 KO) бір залда дайындалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport