Канеломен жаттыққан қазақ боксшы Қазақстан құрамасына қосылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманақұл (4-0-1, 4 KO) Қазақстан құрамасымен бірге жаттыға бастады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманақұл (4-0-1, 4 KO) Қазақстан құрамасымен бірге жаттыға бастады.
Боксшының сөзінше, ол әуесқойға оралмақ.
"Кәсіпқой бокста өнер көрсеттім, бірақ жекпе-жектер болған жоқ. Бір жарым жылдай шаршы алаңға шықпадым. Дегенмен жаттыға бердім. Соңғы екі айда демалдым. Қазір ұлттық құрамамен жаттығуға кірістім. Алдымен Қазақстан чемпионатына қатысамын, ары қарай белгілі болады. Ынтам зор", - деді Аманқұл бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
27 жастағы Әбілхан 2017 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2018 жылғы Азия ойындарының вице-чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері (2017),
2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін кәсіпқойда өнер көрсетіп, бес жекпе-жек өткізді. Оның төртеуінде нокаутпен жеңіп, біреуінде тең түсті. Әбілханның бірнеше жекпе-жегі Сауль Канело Альварестің кардында өтті.
Жарнама