Бокс
1 шілде 2022 08:03

"Канеломен" жаттыққан боксшы Головкиннің жеңісіне бәс тікті

©Allboxing

Жеңіл салмақтағы америкалық боксшы Райан Гарсия (22-0, 18 КО) бұрынғы бапкері Эдди Рейносо мен бірге жаттыққан Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) шамына тиді, деп хабарлайды vRINGe.com

Ақпан айында тегі мексикалық Гарсия Рейносодан кетіп, Джо Гуссеннің қол астында жаттыға бастады. Басында ол экс бапкері және Альварес туралы жақсы сөйлейтін. Алайда кейін сөзін өзгертіп, Рейносодан амалсыз кеткенін, өйткені ол тек Саульге ғана уақыт бөлетінін және басқаларға назар аудармайтынын айта бастады. Райан өзін сынаған "Канелоны" да айналып өтпеді. Оның сөзінше, күзде Альварес Головкиннен жеңіледі. 

"Олай деп есептеуімнің салмақты бір себебі жоқ. Тек Головкин ғаламат айқас көрсететінін сеземін. Неге олай екенін білмеймін, тек сезім сондай. Көпшілік "Канелоның" жеңісіне бәс тігетіні орынды. Ал менің басымнан Головкин өміріндегі ең мықты жекпе-жегін көрсететіні туралы ой кетер емес. Сондықтан Головкинге бәс тігемін", - дейді Гарсия. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport