"Канеломен" жаттықан қазақстандықтың мексикалықты нокаутқа түсірген видеосы

©Suleimen Promotions

Жеңіл салмақта WBA International титулына ие қазақстандық Евгений Павловтың (8-0, 6 КО) мексикалық Хесус Гомес Кинтананы (11-7, 8 КО) нокаутқа түсірген жекпе-жегінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас Тихуана (Мексика) қаласында өтіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен Павлов жеңді. 

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы кәсіпқойда сегізінші жеңіске жетті, оның алтауы нокаутпен. Ал карьерасында 11 жеңіске жеткен мексикалық болса, осымен қатарынан сегізінші рет жеңіліп отыр. 

Еске салайық, Павлов екінші орта салмақта абсолют чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен бір залда жаттыққан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport