Бокс
4 қыркүйек 20:54

Канеломен жаттығатын қазақ WBC титулының иегерімен айқасады

©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, Нұрмағанбет рингке 10 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде оралады. Оның қарсыласы америкалық Стивен Самптер (11-1-1, 9 КО) болмақ. Жекпе-жек екінші орта салмақ лимитінде өтеді және он раундқа жоспарланған.

Стивен Самптер кейнгі рет биыл мамырда Коннектикут штаты, Машантакет қаласындағы бокс кешінде айқасты. Ол колумбиялық Ханер Гонсалесті (24-8-1, 20 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBC USA Silver белбеуін иеленді.

Бек Нұрмағанбет болса, сәуір айында Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында өткен жекпе-жекте костарикалық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Айта кетейік, Нұрмағанбет бастапқыда мамыр және шілде айларында рингке оралуы тиіс еді, алайда, екі рет те жекпе-жек өтпей қалды.

Сондай-ақ Бек Нұрмағанбет абсолют әлем чемпионы Сауль Канело Альварес (63-2-2, 39 КО) командасында жаттығып, мексикалықтың тұрақты спарринг-серіктесі екенін айта кетейік.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport