Бокс
28 қазан 09:06
 

Канеломен жаттығатын қазақ боксшы мексикалық "Бандитті" нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Канеломен жаттығатын қазақ боксшы мексикалық "Бандитті" нокаутқа түсірді ©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (13-0, 11 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді. 

blog.share

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (13-0, 11 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді. 

Сан-Джасинто (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде Бек "Бандит" лақап атты мекискалық Хоакин Мурриета Лусиомен жекпе-жек өткізді.

Бұл айқас сегіз раундқа есептелген болатын, алайда қазақ боксшы қарсыласын екіншісінщде нокаутқа түсірді.

Осылайша, Бек 13 жекпе-жегінң бәрінде жеңіске жетті, оның он бірі нокаутпен. Ал оның мексикалық қарсыласы 13 рет жеңіске жеткен, үш рет тең түсіп, бұл жолы 14-рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбект атақты мексикалық Сауль Канело Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жаттығып, оның спарринг-серігі болған. 

.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!