Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) спаррингтер және келесі жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ассаламу алейкум. Абсолюттік әлем чемпионы әйгілі Канело Алварезпен, 1 айдан аса уақыт спарринг жұмыстарын өткізіп, спаррингтер лагері бізде өз мәресіне жетті. Мен үшін өте жақсы тәжірбие болды. Біраз өтімді тәсілдер үйреніп, керемет шыңдалдық. Келесі жекпе жегім, Алла бұйырса WBA версиясы бойынша әлем чемпионы, Кубалық Дэвид Моррелге қарсы өту керек. Өйткені мен осы версия бойынша әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткермін. Үлкен жекпе жек болған соң бәрі оңай шешіле салмайды. Біраз уақыт болды қарсыласымыздан жауап күтудеміз. Әзірге тыныш боп тұр, бірақ міндетті түрде жауап берері хақ. Ол дайын болса біз дайын ин ша Аллаһ. Жыл 12 ай, 365 күн, 24 сағат жекпе жекке есігіміз ашық", - написал боксер.