Бокс
23 қыркүйек 17:16
 

Канеломен жаттығатын қазақ боксшы 11 нокауты бар "Бандитпен" айқасады

  Пікірлер

blog.share

Канеломен жаттығатын қазақ боксшы 11 нокауты бар "Бандитпен" айқасады ©instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (12-0, 10 КО) келесі қарсыласы белгілі болды. 

blog.share

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (12-0, 10 КО) келесі қарсыласы белгілі болды. 

Бек рингке 25 қазанда оралады, ол Сан-Джасинтодағы (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешіне қатысады. 
 
BoxRec мәліметінше, оның қарсыласы "Бандит" лақап атты мексикалық Хоакин Мурриета Лусио (13-13-3, 11 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Бек кейінгі рет екі апта ғана бұрын Лас-Вегаста жұдырықтасып, екінші раундта америкалық Джошуа Конлиді (17-7-1, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!