"Канелоға" түрік боксшының 11 соққысы ғана тиген

Сурет: AFP

Екінші орта салмақта WBA Super және WBC чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен міндетті қарсылас түркиялық Авни Йылдырым арасындағы жекпе-жектің соққылар статистикасы белгілі болды,- деп хабарлайды "Чемпионат".

Үш раундта Йылдырым 105 соққы жасаған, алайда, мексикалыққа тигені 11 ғана. "Канело" 168 соққы жасап, оның алпыс жетісін тигізген екен.

Үшінші раундта Альварес Йылдырымды нокдаунға түсірді, ал раунд соңында түркиялық жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

8 мамырда "Канело" екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады. Альварестің рекорды 55 (37 КО)-1-2, ал британиялық әлі жеңіліп көрмеген - 30 (14 КО)-0.

Жаңалықтар