Бокс
18 қазан 2022 13:37

"Канелоға" шапалақ боп тиеді. Бивол мексикалықпен қарымтаға қатысты шешімін айтты

©twitter.com/bivol_d

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) қарымтадан гөрі жартылай ауыр салмақта IBF, WBC және WBO чемпионы Артур Бетербиевпен (18-0, 18 КО) жекпе-жекке шыққанды қалайды, деп хабарлайды "Матч-ТВ".

Алайда оған дейін Бивол мексикалық Хильберто Рамиреспен (44-0, 30 КО) айқаста WBA титулын қорғап алу керек. Бұл кездесу 5 қараша Абу-Дабиде өтеді. 

"Әрине, жаттығу лагерінде өзімді тамаша сезінемін. Дайындалуға қажеттінің бәрі бар. Рамиресті жеңе алатыныма сенемін. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен әр жекпе-жек сайын ілгерлеуге тырысамын. Жеңіп қойған боксшыларға оралғым келмейді. Мақсатыма қарай жүріп, тағы бір белбеу иеленгім келеді", - дейді Бивол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport