Boxingnews24.com порталының шолушысы Шон Джонс мексикалық Сауль Канело Альварестің (60-2-2, 39 КО) келесі жылға таңдап қойған қарсыластарына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Канело рингке мамырда оралатыны және бірінші орта салмақтағы отандасы Хайме Мунгиямен (42-0, 33 KO) жұдырықтасатыны айтылған еді.
"Жанкүйерлер Канело мамырда Мунгияның орнына мықтырақ қарсыласпен жұдырықтасқанын қалайды. Өйткені Хайменің қарсылатарының бәрі нашар болғанын ашық айту керек. Канелоның келесі айқасына ең жақсы қарсылас: Давид Моррель, Дмитрий Бивол, Артур Бетербиев, Жәнібек Әлімханұлының бірі болатын еді", - деп жазыпты автор.