"Канелоға" Головкин орнына аяқ асты басқа қарсылас табылды

©The Times

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Энтони Ярд суперорта дивизионда абсолют чемпион Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Қағаз жүзінде "Канелоны" кез келген қарсыласқа қарсы қоюға болады. Альвареспен жұдырықтасуым құрмет болар еді. Егер бұл мүмкіндік қылт етсе болды, кенедей жабысар едім. Мен кіммен болса да шығып, таяқ жеп қалудан ұялмайтынымды бәрі біледі. 

Қазір менің тәжірибем артты, әрине, "Канело" бұл жағынан менен шақырымдап ілгері кеткен. Мен бос сөйлемеймін. Кезекті күтпеймін, мен онда болуға лайықпын. Мен мүмкіндігімді алу үшін тер төгіп жүрмін", - дейді Энтони Ярд Boxing King Media ютуб арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, "Канело" келесі айқасын 7 мамыр ресейлік Дмитрий Биволмен өткізеді, ал қыркүйекте Геннадий Головкинмен жұдырықтасады деп жоспарланған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport