Екінші орта салмақта әлемнің аболют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) Ұлыбританияда жекпе-жек өткізгісі келген жағдайға Эдди Хирн оған жақсы қарсылас тауып қойған екен, деп хабарлайды vRINGe.com.
Ол британиялық боксшы Джон Райдер (30-5, 16 КО), кеше ол Лондонда америкалық Дэниэл Джейкобспен (37-4, 30 КО) жұдырықтасып, үміткерлер кездесуінде жеңімпаз атанды.
"Сауль Ұлыбританияда жекпе-жек өткізгісі келетіні анық. Ол биылғы жоспарын белгілеп қойды, дегенмен, Британияда оған лайықты қарсылас бар. Өз елімдегі суперорта салмақта осындай тамаша жеңістері бар өзге боксшы көріп тұрғаным жоқ. Райдер Дэниэл Джейкобсты жеңді және бұған рингте барын салғандығымен жетті. Төрешілер оның ақысын жеген кездер болды, бірақ, ол алғанынан қайтпады.
Джейкобс Головкин мен Альвареске есе жіберген, енді Джон Райдерден жеңілді. Бұл Джон үшін үлкен жеңіс, сондықтан, ол чемпиондық айқасқа ақыры шығады деп үміттенемін. Ол бұл жекпе-жекке шынымен лайық", - дейді Хирн.