Ковалев жеңілгеннен кейін кейбір жанкүйерлер арасында ресейлік боксшы "сатылды" деген сөз тарай бастады. Алайда Арум бұл сөзбен келіспеді. Ол Альварес пен Ковалев жекпе-жегі әділ болғанын айтады.
"Канело" - Ковалев жекпе-жегі қойылым екені айтылды
"Келісілген? Ешкім жағынан соққы алып, миы шайқалатын жекпе-жекті келісіп ұйымдстырмайды. Келісілген жекпе-жекті өткізудің жеңіл жолы бар. Ковалев командасының орнында мен де бұл жекпе-жекті қабылдайтын едім. "Канеломен" қарымта - бұл пайданың көзі.
Меніңше, бұл тамаша жекпе-жек болды. Соңғы раундқа дейін теңдей өтті. Оған дейін мен Ковалевтің пайдасына 5:4 деп есептегенмін. Сондықтан Сергей раундтар есебі бойынша ұтып жатқан", - дейді Арум.