"Канелодан" нокаутқа түскен боксшы Головкинмен трилогия туралы ойын ашық айтты
Ресейлік боксшы Сергей Ковалев қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік боксшы Сергей Ковалев қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
18 қыркүйек Лас-Вегаста Альварес төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен еді.
"Не айтуға болады? Тіпті бокстан хабары жоқ адамға да бәрі анық болды. "Канело" жеңіске жетті. Бұл менің пікірім. Гена бірінші айқаста жеңді деп ойлаймын, екіншісінде жеңілді, ал үшіншісінде жеңісті беріп қойды", - дейді Ковалев "Бокс ТВ" арнасына сұхбатында.
Еске салайық, Ковалев те Альвареспен жұдырықтасып, 11-раундта нокаутқа түскен. Осылайша, ол жартылай ауыр салмақтағы WBO белбеуінен айырылды.
Жарнама