"Канелодан" нокаутқа түскелі жұдырықтаспады. Ковалев рингке оралады

Сурет: m.123ru.net

Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев рингке қайта оралады. Бұл туралы боксшының өзі Instagram желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қаңтарда ресейлік екі рет допинг тесттен өте алмады, салдарынан өзбекстандық боксшы Бектемир Меликузиевпен 30 қаңтарға белгіленген жекпе-жек өтпей қалды. 

"Құдайға шүкір, бәрі артта және бокстағы карьерама ораламын", - делінген хабарламада.  

Еске салайық, Ковалев 2019 жылы қарашада мексикалық Сауль "Канело" Альварестен 11-ші раундта нокаутқа түскелі бері жекпе-жекке шыққан жоқ. 

 

Жаңалықтар