Бокс
22 тамыз 2018 10:52
 
"Канелода" мүмкіндік бар". Головкиннің соңғы қарсыласы сөзінен айнып қалды

  Пікірлер

blog.share

"Канелода" мүмкіндік бар". Головкиннің соңғы қарсыласы сөзінен айнып қалды Геннадий Головкин және Ванес Мартиросян. Сурет: reviewjournal.com

Америкалық боксшы Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 KO) бұрынғы қарсыласы - орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға қатысты ойын айтты.

5 мамырда өту керек болған қарымта Альварестің допинг дауына ілігуіне байланысты кейінге қалды. Мексикалықтың орнына Головкинмен Мартиросян жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түскен еді. Осыдан кейін Ванес "Канелоға" қазақстандықтан қашуға кеңес берген болатын. 

Алайда Мартиросян ойын өзгертіп, 27 жастағы Альварес 36 жастағы Головкинді жеңе алады деген тұжырым жасап отыр. Оның сөзінше, жас айырмашылығы қарымтада айтарлықтай әсер етеді. 

"Канелоның" жаттығу лагерінде мықты болып көрінеді. Оның мүмкіндігі бар, бірақ, Головкин дәл қазір мықты. Алда жақсы жекпе-жекті тамашалай аламыз. Нокаутпен аяқталады деген ойдамын. Айтқаныма сеініңздер, адамның жасы - бокста ықпалды дүние", - деп келтіреді Мартиросянның сөзін Boxingnews24.com.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте қарымта өткізу туралы үлкен қиындықпен келісті. Боксшылар алғашқы жекпе-жек өткізген Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады. 

Жарнама

Живи спортом!