"Канело" ізбасары және Мейвезердің тәлімгері. Бірде-бір жеңілмеген нокаутшы карьерасын құртқан ұқсайды

29 желтоқсан 2022 09:28
©Sky Sports

2023 жыл қаңтарының ең үлкен жекпе-жегі - америкалық Джервонта "Танк" Дэвис (27-0, 25 КО) пен доминиканалық Эктор Луис Гарсия (16-0, 10 КО) арасындағы айқас өтпей қалатынға ұқсайды, деп хабарлайды vRINGe.com

28 желтоқсанда Дэвисті Флорида штатының полициясы тұтқындаған екен. Боксшы түнді полиция бөлімшесінде өткізіпті. Оны отбасылық зорлық-зомбылық санатындағы соққыға жығу мен дене жарақатын салуға қатысты айыптап жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. 

Осыған байланысты Джервонта 7 қаңтар Вашингтондағы Capital One Arena спорт кешеніндегі бокс кешіне жоспарланған жеңіл салмақта WBA World титулы үшін айқасқа шыға алмауы мүмкін. 

Айта кетейік, бұл америкалық проспекттің бірінші рет заң бұзуы емес. Мұның алдында ол жол апатына түсіп, оқиға болған жерден қашып кеткен. Ал оның алдында НБА матчі кезінде сүйіктісіне қол жұмсаған.

Дэвис кәсіпқой бокстағы карьерасын 2013 жылы бастаған. Содан бері бірде-бір жеңілмепті. Ал сарапшылар месикалық Сауль "Канело" Альварес карьерасын аяқтағаннан кейін Джервонта әлемдегі ең танымал және табысы ең жоғары боксшыға болады деп болжаған еді. 

Айта кетейік, биыл мамырға дейін Дэвистің ісін атақты Флойд Мейвезерге тиесілі Mayweather Promotions компаниясы жүргізіп келген болатын. Мейвезер онымен қош айтысқаннан кейін де Джервонта оның ең сүйікті боксшысы болып қалатынын мәлімдеген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport