Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жекпе-жек алдында жаттығу залына қазақтардың келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Үш қазақ "Канелоның" жаттығуын үзіп жіберді
"Головкин қандай сезімде болды екен, оның елінің адамдары менімен жаттығу үшін залыма келіпті", - деп жазыпты "Канело".
Еске салайық, мұның алдында Головкин көптеген мексикалық оны жақсы көретінін, ал Қазақстанда Альваресті ешкім жақтырмайтынын айтқан еді. Мексикалық осы сөзге жауап берген болса керек.