"Канело" WBC ұйымының жарнамалық өкіліне айналды

© boxingscene.com
Орта салмақта WBC, IBF және WBA чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жарнамалық өкілі атанды, - деп хабарлайды vringe.com ұйым президенті Маурисио Сулейманға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, енді дивизионның әр жекпе-жегінде Альварес ресми түрде WBC өкілі болады.

"Канело" WBC әр жекпе-жегінде біздің франшиза өкілі болады", - дейді Сулейман.

Барлық мән-жайды кейін хабарлайтынын айтқан Кеңес басшысы бұл сөз нені білдіретін  түсіндірмеді.

Дэниел Джейкобсты жеңіп, белбеулерді біріктірген "Канело" WBC ұйымында қарсылас таңдауда басымдық алатыны аталып өтілді.
Жаңалықтар