"Канело" үшін есе қайтарады". Промоутер мексикалық боксшы Биволды сабайтынына сенімді

©АР

Промоутер Оскар Де Ла Хойя ресейлік Дмитрий Бивол мен мексикалық Хильберто Рамирес жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Канелоны" жеңген Биволға міндетті қарсылас белгіленді

"Хирн Биволдың промоутері емес екенінен бастайық. Ал мен Дмитрийдің менеджерімен жұмыс істеймін, сондықтан Рамиреспен жекпе-жек ұйымдастырылатынын білемін. Келіссөз міне-міне басталады. Хильберто көп күткен мүмкіндігіне жеткеніне қуаныштымын. Рамирес Биволды сабауға дайын және "Канело" мен бүкіл Мексика үшін есе қайтарады. 

Аз уақытта айқастың қайда және қашан өтетінін білеміз. Бұл бокстағы көпшілік күтіп отырған кездесулердің бірі. Неге олай? Өйткені Бивол "Канелоны" еш қиналмай сабап тастады. Ал Хильберто соның есесін қайтара алады", - дейді промоутер. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар