Канело үшін ең қауіпті Бенавидес пен Жәнібектің айқасында кім жеңетіні айтылды

©Top Rank

FanScorecard твиттер аккаунты өзінің жазылушыларына орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен суперорта дивизионда WBC титулына ие америкалық Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО) арасында жекпе-жек өтсе, кім жеңетінін болжауды ұсынды, деп жазады Vesti.kz.

Мұның алдында Жәнібек Бенавидесті жекпе-жекке шақырған еді. Бұл үшін Әлімханұлы екінші орта саламққа көтерілуге дайын екенін мәлімдеген. 

Осыған байланысты FanScorecard сауалнама жүргізді. Оған 836 адам қатысып, 65,3 пайызы Бенавидес жеңеді дегенге дауыс берді, ал Әлімханұлы тек 34,7 пайыз дауыс жинады.

Айта кетейік, дәл осы Бенавидес супер орта салмақта Альварес үшін ең қауіпті қарсылас саналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар