Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерстің (30-0, 14 КО) әкесі Том Сондерс 8 мамырға белгіленген ұлы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) арасындағы жекпе-жектің ұйымдастырылуына қатысты күдігін айтты.
Нақтырақ айтқанда ол "Канелоның" қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және кубалық Эрисланда Ларамен (27-3-3, 15 КО) даулы жекпе-жектеріндегі төрешілік тақырыбын қозғады.
"Канелоның" командасына сенім жоқ, өйткені жекпе-жек түні біз 70 мың мексикалыққа қарсы тұрамыз. Біз "Канеломен" ғана емес, өзіміздің промоутерлік компаниямызбен де айқасатын сияқтымыз.
Олар Билли өлімге барады деп есептесе, олай емес екенін айтқым келеді. Билли - құрбандық тоқтысы емес, ол - арыстан. Ол рингке көтеріледі де ақырады. Ол да "Канело" сияқты белбеулерді біріктіруге ниетті. Сондықтан жекпе-жектің әділ өтуін қадағалаңыздар.
Эдди Хирннің өз мүддесі бар, сондықтан ол Билли Джоның жеңісін қаламайды, бұл көңілімді бұзып отыр. Қазір ешкімге сенуге болмайды, өйткені ұлымның ақысын жегенін қаламаймын.
Билли Джо қажет болса "Канеломен" телефон будкасында да жұдырықтасуға дайын. Бұл ол үшін кезекті жекпе-жек. Ал Альварес үш рет таяқ жеген. Головкин және Ларамен жекпе-жектерде Саульге төрешілер сәтті шешім шығарып берді", - дейді Том Сондерс Boxing Social басылымына берген сұхбатында.