Бокс
26 сәуір 2022 15:58

"Канело" UFC чемпионымен жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты

©Reuters

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) жартылай орта салмақта UFC ұйымының чемпионы Камару Усманмен (20-1) кездесу өткізуге байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Ешқашан "жоқ" деп айтуға болмайды. Бірақ дәл қазір Усманмен жекпе-жек өткізу жоспарымда жоқ. Жақын арада онымен айқас өткізбейтінім анық. Дегенмен болашақта не боларын ешкім білмейді", - деді Сауль Альварес. 

Айта кетейік, осыған дейін Усманның менеджері "Канелоны" қорқақ деп, оның Камарумен кездесу өткізуге шақырды. 

Еске салайық, Альварес кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 7 мамыр күні жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы өткізеді. Егер мексикалық осы айқаста жеңіске жетсе, қыркүйек айында ол Геннадий Головкинмен үшінші мәрте жұдырықтасуы мүмкін. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport