Бокс
2 тамыз 2019 13:26

"Канело" титулдан айырылғаннан кейін Головкин салмағындағы чемпионмен жұдырықтаспақ

© boxingscene.com
WBC (Franchise) және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) титулын тартып алғаннан кейін белбеулерді біріктірмекке ниеттенді. 

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, "Канелоның" командасы орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (28-0-0, 17 KO) келіссөздер бастады. Бұл жекпе-жек 26 қазан Лас-Вегаста өтеді де жоспарланған.

Альварес IBF белбеуінен чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмай айырылған еді. 

Ендігіде бос қалған IBF белбеуі үшін Деревянченко мен қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жұдырықтасады деп күтілуде.