"Канело" текетірес нүктесін қояды". Сарапшы Головкин мен Альварестің келесі айқасы жайлы

Сурет: Allboxing

Қазақстандық Геннадий Головкиннен кейін мексикалық Сауль "Канело" Альваресте бір ғана мықты қарсылас болды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіпқой бокс сарапшысы Ли Кормли осындай пікір білдірді және GGG-мен трилогия өтпеуі мүмкін еместігін айтты. 

"Қазіргі таңда Головкиннен өзге ешкім "Канеломен" бәсекелесе алмайтын шығар. GGG-ден өзге қарсыластар анық жеңілді. Тағы бір шытырман айқас Сергей Ковалевпен болды. Басқалары жеңіске жетуі мүмкін емес еді. 

Мексикалықтың кейінгі жекпе-жегі "Канело" мен басқа боксшылар арасындағы айырмашылық қандай екенін көрсетті. Үміткер Авни Йылдырым үш раундқа ғана шыдады. Сондерс және Плантпен де қиындықтар бола қоймас. Орта және суперорта - "Канелоның" патшалығы. Бүгінгі таңда жалғыз бәсекелес - Головкин. Егер Алварес осы салмақта қалса, GGG-мен айқас белбеулер біріктіргеннен кейінгі айтулы оқиға болады. Сауль бұл текетірестің нүктесін қойғысы келеді деген ойдамын", - дейді Кормли.