Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) мен Premier Boxing Champions арадағы келісімшартты үзді, деп хабарлайды ESPN.
Еске салайық, Эл Хеймонның компаниясы Альварес пен орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (33-0, 22 КО) арасында келісімшартта көрсетілген 35 миллион доллар (15 миллиард теңге) үшін жекпе-жек ұйымдастырудан бас тартты. Ал Канело PBC-ге үзілді-кесілді талап қойды: 4 мамырда оның қарсыласы Чарло болады немесе ол рингке мүлде шықпайтынын айтты.
"Шіріп жатыр". WBO шешімінен кейін Жәнібектің салмағындағы сұмдық айтылды
ESPN мәліметінше, мексикалық боксшы мен PBC әлі екі жекпе-жегі қалған келісімшартты үзді. Енді Сауль британиялық промоутер Эдди Хирн және DAZN стримингімен жұмыс істейтін сияқты.
Ал Альварестің келесі қарсыласы бірінші орта дивизионда экс чемпион отандасы Хайме Мунгия (43-0, 34 КО) болады. Жекпе-жек 4 мамыр Лас-Вегасқа белгіленген.