Бокс
12 қараша 11:47

Канело сайқымазақ деңгейіне түсті ме? Боксшы даулы қарсыласпен айқасқа келісті

©x.com/Turki_alalshikh

Спорттағы тәжірибесі емес, даулы айқастармен танылған америкалық боксшы Джейк Пол (12-1, 7 КО) мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альвареспен (63–3–2, 39 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Белгілі болғандай, екі тарап бұған дейін де келіссөз жүргізіп, жекпе-жек өткізуге келіскен. Алайда кейін Канелоға америкалық Теренс Кроуфордпен (42-0, 31 КО) айқасу ұсынылып, бұл тиімдірек болды.

АҚШ боксшысынан жеңілгеннен кейін Канело жеті жылда алғаш рет титулсыз қалды, сондықтан Джейк Полмен кездесу тақырыбы қайта өзекті бола бастады. Джейктің айтуынша, бұл айқасты Сауд Арабиясының инвесторы Турки әл аш-Шейх ұйымдастыруы мүмкін, ал Альварес жекпе-жекке дайын екенін білдірген.

"Менің ойымша, Турки - бұл кездесуді өткізе алатын адам. Мен ашықпын, Турки қызығушылық танытты, әрі Канело менімен жекпе-жекке келісім берген. Енді қалғаны - бұл айқасты шындыққа айналдыру", - деді Пол BloodYelbow басылымына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Джейк Пол биыл 14 қарашада WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақ чемпионы Джервонта Дэвиспен (30-0-1, 28 КО) кездесуі тиіс еді. Бірақ америкалық спортшы сот ісіне байланысты жекпе-жектен шеттетілді.

Джейк Пол - блогерден кәсіпқой боксшыға айналған тұлға. АҚШ-та туған ол дау-жанжалдары мен жарқын жекпе-жектері арқылы танымал болды. 2024 жылдың 15 қарашасында ол бокстың аңызы Майк Тайсонмен кездесіп, 79-73 есебімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport